Астанада қандастар арасында шағын футболдан турнир өтті
Іс-шараның мақсаты – қандастар арасында достастық рухын дәріптеп, Отанға деген патриоттық сезімдерін білдіру.
Республикалық деңгейде өткен спорттық іс-шараға еліміздің түкпірінен-түкпірінен қандастар жиналды.
Турнир ерікті жастардың ұйымдастыруымен, кәсіпкерлердің демеушілігімен, «Отандастар қоры» КЕАҚ-ның және Amanat партиясы Нұр-Сұлтан қалалық филиалының қолдауымен өтті.
Бүгінгі «Достық» футбол турнирі 6 жылдан бері дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатыр. Аталмыш шара қандастарымыздың қатысуымен республикалық деңгейде өткізіліп отыр. Турнирге еліміздің барлық облысынан келген қандастарымыз қатысты. Спорттық турнир әлі де өз жалғасын табады, – деді жарысты ұйымдастырушы, жоба жетекшісі Талапбек Тынысбекұлы.
Айта кетейік, жарысқа 15 команда, 200-ге жуық ойыншы қатысып, бәсеке мен тартысқа толы ойын көрсетті.