Елордада шекара қызметкерлерінің арасында спорттан ашық турнир өтті
Шекара қызметкерлері күні қарсаныңда ұйымдастырылған қалалық турнирді «Нұр-Сұлтан» шекаралық бақылау басқармасының бастығы, полковник Ержан Жұмабекұлы ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Салтантты рәсімге Нұр-Сұлтан қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Жылқыбаев та қатысты.
ҰҚК Шекара қызметінің құрылуының 30 жылдығына орай елордадағы Шекара қызметіне бағынысты мекемелер арасында жарыс өтіп жатыр. Мұндай іс-шаралар қызметкерлер арасында жиі өтіп тұрады. Шекара қызметінде жұмыс істеген аға буын өкілдері мен қызмет атқарып жүрген әріптестерімді кәсіби мерекелерімен құттықтаймын, - деді Нұр-Сұлтан шекаралық бақылау басқармасы бастығының орынбасары Рахат Нұрғалиев.
Аталмыш додада Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Нұр-Сұлтан қаласының шекаралық бақылау басқармасы мен Желілік полиция бөлімі және Н.Назарбаев атындағы әуежай командалары бақ сынасты.
Тартысты өткен додада волейбол спортынан жеңісті Нұр-Сұлтан шекаралық БАҚ басқармасы өз қанжығасына байлады. Нұр-Сұлтан шекаралық БАҚ бөлімінің 1-бөлімшесі мен 2-бөлімшесі екінші және үшінші орындарды өзара бөлісті.
Волейболдағы үздік ойыншылар:
Үздік шабуылшы: Мақсат Дүйсен;
Үздік ойыншы: Тынық Жақсылықов;
Үздік қорғаушы: Гауһар Онайбаева;
Үздік үйлестіруші: Нұрбол Аманжолов.
Ал шағын футболдан «Н.Назарбаев атындағы халықаралық әуежай» АҚ 1-орынды, «Жігер» командасы 2-орынды Нұр-Сұлтан қаласының желілік полиция бөлімі 3-орынды жеңіп алды. Мұрат Жанәлі «Үздік шабуылдаушы, Елдос Әлімқұлов «Үздік ойыншы», Мұқан Бейсенқұлов «Үздік қорғаушы», Айдос Мерлібаев «Үздік қақпашы» атанды.