00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

«ELORDA CUP-2022» халықаралық турнирі мәресіне жетті

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
«ELORDA CUP-2022» халықаралық турнирі мәресіне жетті

Елорда күні мерекесіне орай ұйымдастырылған байрақты бәсекеде Қазақстан боксшылары жақсы бабында екені көрінді.

Шаршы алаңда алты күн бойы өткізілген жекпе-жектер жанкүйер қауымның делебесін қоздырып, қанын қыздырғанын аңғардық. Олай дейтініміз, бұл турнирге Қазақстан ұлттық құрамасының бірінші, екінші және үшінші нөмірлі бокшылары түгелдей қатысты. Сонымен қатар Куба, Өзбекстан, Жапония, Үндістан, Қытай, Моңғолия және Қырғызстан спортшылары да жарыстың көрігін қыздырғаны сөзсіз.

Екі жылдай пандемияның салдарынан ірі жарыстарды көрмей қалған қазақ жанкүйері үшін «ELORDA CUP» турнирі шын мәнінде спорттың үлкен мерексіне айналғандай болды. Бұл ретте Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің жанкүйерлерді жарысқа тегін кіргізуге шешім қабылдағаны көпшіліктің көңілінен шыққанын айтуымыз керек.

Ал, енді жарыстың нәтижесіне келсек, Олимпиада ойындарының жүлдегерлері мен әлем чемпиондары қолғап түйістірген турнирде шын мықтылар топ жарғаны сөзсіз. 

Әйелдер арасындағы жеңімпаздар:

48 кг – Гитика (Үндістан)

50 кг – Намика Цукуми (Жапония)

52 кг –Шекербекова Жайна (Қазақстан)

54 кг – Уктамова Нигина (Өзбекстан)

57 кг – Ибрагимова Карина (Қазақстан)

60 кг – Ху Цишин (Қытай)

63 кг -  Янг Шенгю (Қытай)

66 кг – Янг Лю (Қытай)

70 кг – Валентина Хальзова (Қазақстан)

75 кг – Марина Вольнова (Қазақстан)

81 кг –  Женг Лю (Қытай)

+81 кг – Патхан Алфия (Үндістан)

Ерлер арасында:

48 кг – Жүсіпов Теміртас (Қазақстан)

51 кг – Бибосынов Сакен (Қазақстан)

54 кг – Махмуд Сабырхан (Қазақстан)

57 кг – Теміржанов Серік (Қазақстан)

60 кг – Төлтаев Саматәлі (Қазақстан)

63,5 кг – Базарбайұлы Мұхамедсабыр (Қазақстан)

67 кг – Серік Абзал (Қазақстан)

71 кг – Шынбергенов Асыланбек (Қазақстан)

75 кг – Алварес Ионли (Куба)

80 кг – Оралбай Нұрбек (Қазақстан)

86 кг –  Құттыбеков Абзал (Қазақстан)

92 кг – Оралбай Айбек (Қазақстан)

+ 92 кг – Муллажанов Лазизбек (Өзбекстан).

Бұл жарыс біздің боксшылар үшін өте пайдалы болды деп ойлаймын. Құраманың барлық боксшыларын қатыстырдық. Соңғы әлем чемпионатында жүлдегер болған жігіттер түгелдей жекпе-жекке шықты. Әрине, жастарды да сынап жатырмыз. Сондай-ақ жапониялық және кубалық әлем чемпиондары да бақтарын сынады. Өздеріңіз көргендей керемет жекпе-жектердің куәсі болдық. Ең бастысы -  елордамыздың тойына арналған турнир қонақтардың да, жанкүйерлердің де көңілінен көтерген сияқты, - деді Қазақстанның бокстан мемлекеттік жаттықтырушысы Мерей Ақшалов.

 Жарыс жеңіпаздары мен жүлдегерлеріне Қазақстан бокс федерациясының президенті Кеңес Ракишев, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт комитетінің төрағасы Самат Ерғалиев, Нұр-Сұлтан қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Жылқыбаев, Олимпиада ойындарының және әлем чемпиондары Данияр Елеусінов, Болат Жұмаділов, Әділбек Ниязымбетов, Мерей Ақшалов, Қайрат Ералиев және басқа белгілі спорт саңлақтары медальдар мен қаржылай сыйлықтар табыс етті.

Жарыстың өткізілу деңгейі өте ұнады. Мықты боксшылар жиналыпты. Қазақстанның астанасында бірінші рет болуым, сол жағалаудағы ғимараттар әдемі. Бірақ қалада адамдар аз жүреді екен, дегенмен адамдары көңілді болып көрінді, - деді Куба құрамасының жаттықтырушысы Емелиано Фируру Альварес.

Чемпион болғаныма қуаныштымын. Турнир өте жоғары деңгейде ұйымдастырылды деп айта аламын. Өте мықты боксшылар жиналды. Қазақстанның астанасы әдемі екен, соған көзім жетті, - деді Өзбекстан құрамасының мүшесі Нигина Уктамова.

Ғалым Қожабеков