Қамшыбек Қоңқабаев британиялық қарсыласын жеңді
24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат
Кездесуде қазақстандық боксшы Қамшыбек Қоңқабаев (3-0, 3 КО) британиялық Стивен Уордпен (13-1, 4 КО) жұдырықтасты. Крузервейттегі жекпе-жекте қарсыластар бос тұрған WBA Gold чемпиондық атағы үшін сайысқа түсті.
Кездесу 12 раундқа есептелді. Алайда, ол аяғына дейін жетпеді. Жекпе-жек жетінші раундта Қамшыбектің жеңісімен аяқталды. Уорд алған жарақатынан сайысты жалғастыра алмады. Бесінші раундта төреші британиялық боксшының нокдаунға түскенін көрсетті.
Осылайша, Қамшыбек Қоңқабаев кәсіби бокстағы карьерасында 4-ші жеңісіне (төртіншісін нокаутпен) қол жеткізді. Ол WBA Gold чемпиондық белдігін жеңіп алды. Стивен Уорд болса, кәсіби рингте екінші рет жеңілді.
Ұқсас жаңалықтар
16 қараша, 2024
Велоспорт - баршаға: Астанада аутизмі бар балалар велотрекпен айналысады
15 қараша, 2024
Харбин-2025: Қысқы Азия ойындарында ел намысын қанша спортшы қорғайды
14 қараша, 2024
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Эстониядағы жарыста күміс медаль жеңіп алды
14 қараша, 2024
АҚШ ашық чемпионатында жүлделі орын алған паражүзушілеріміз елордаға оралды