«Жалаңаштанғаны несі?»: Оқырмандар Баян Мақсатқызының Queen шоуын қызу талқылады


Динара Сәтжан өзінің Instagram-дағы парақшасында белгілі продюсер, тележүргізуші, актриса Баян Алагөзованың Астанада Queen шоуын өткізгені туралы жазды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Тележүргізушінің бұл жазбасына пікір білдіргендердің қарасы көп болды. Баян Мақсатқызының шығрамашылық кешін әркім әрқалай бағалады.
«Баян Мақсатқызы – сіз Дженифер Лопес емессіз», «Тайландтағы трансвеститтердің шоуына ұқсайды екен», «Киркоров бір шетте шылым шегіп тұрған болар», «Ел-жұрт ораза ұстап жатса, біреулер жалаңаштанып жатыр ма?», «Ендігі балаларын бақса қайтеді, сахнаны жастарға берсін», «Басқалай әдемі киініп шығуға болмады ма екен, дым ұнамады» деп жазды оқырмандар.
Сонымен қатар өнер иесін мақтағандар да аз болмады.
«Кім не десе де мейлі, Баян – ерекше жан», «Таңғажайып Баян Мақсатқызы! Сұлу да талантты, нағыз патшайым!», «Керемет шоу болды» деп жазғандар да болды.



