«Жүре алмай, қоштасып келдім»: Жұлдызай Дүйсенбиева сырқаттанып қалды


Актриса Жұлдызай Дүйсенбиева ауыр халге түскенін айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Желіде жарияланған бейнежазбадан актрисаның дәрігерге алғыс айтып жатқанын көруге болады.
«Мұратжан, рақмет!, Бүгін бір stories салып, бәрі шулап кетті, Ауырып, жүре алмай қоштасып келіп едім. Мұрат бүгін мені жүргізіп жіберді. Жақсы болып отырмын. Рақмет, қолың дет көрмесін, Алла разы болсын! Жатып алып сөйледі демеңіздер, күшті болып жатырмын. Кішкене жата тұру керек екен. Шыдай алмай сіздермен бөлісіп жатырмын»,- деді Жұлдызай Дүйсенбиева.
Желі қолданушылары актрисаға саулық тілеп, түрлі пікір білдіріп жатыр.
«Алла шипасын берсін», «Жұлдызай ханым не болды оразада шаршап қалдыңыз ба?», «Қоштасуға ертерек қой, қызыңызды ұзатып құдағи болып немере бақпайсыз ба?», «Көз тиіп кетпеді ме екен?», «Ем болсын»,- деп жазуда оқырмандар.



