«Тұрмысқа жүкті болып шықтым»: ұзатуда ашық образымен танылған блогер Найманбаева сырын ақтарды

18 наурыз, 2025
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
«Тұрмысқа жүкті болып шықтым»: ұзатуда ашық образымен танылған блогер Найманбаева сырын ақтарды
Фото: видеодан скриншот

Әнші Жазира Байырбекованың әнімен кеудесі ашық көйлекпен ұзатылып, әлеуметтік желіні шулатып жұлдыз болған Керім Найманбаева Анна Данченкоға сұхбат беріп, қалай ана атанғанын айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Күйеуінен 25 жасқа кіші журналист әрі блогер былтыр ана атанып, қызды болды. Ол тұрмысқа жүкті болып шыққанын және одан ұялмайтынын айтты.

«Болашақ күйеуімнің әкесі сол жылы қыркүйектің 24-і күні қайтыс болып кетті. «Біреудің жаны ұшса, өмірге жаңа адам» келеді деп жатады ғой, дәл сол кезде менің аяғым ауырлап қалды. Бір айға дейін білген жоқпын. Оны, алдымен, күйеуім байқады. Мүмкін ағзадағы гормоналдық өзгерістер салдарынан әртүрлі боп құбылған мінез-құлқымды байқады ма? «Сен жүкті сияқтысың» деді. Жүкті екенімді білген соң ол қуанды. «Баланы қалаймын, әкемнің қайтыс болып кетуіне байланысты той жасау мүмкін емес екенін білемін, бірақ үйленгім келеді. Мұны әкем де қалаушы еді» деді ол. Өйткені оның әкесі сүрбойдақ болып жүрген оған 35 жасында да, 40 жасында да «Сен 20 жастағы әп-әдемі қызды аласың» деп айта береді екен. Оған мен жолығып, сол кісінің айтқаны келгендей», - деді Керім Найманбаева.

Блогер күйеуінің әкесінің жылы өтпегендіктен әлі үлкен тойдың болмағанын айтты, ал ұзату тойын жұбайы сыйлық ретінде өзі жасап берген.