«Әрбір әйел бақытты болуға лайық»: Айгүл Иманбаева жақсы жаңалығын жариялады

Бүгін, 13:21
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
«Әрбір әйел бақытты болуға лайық»: Айгүл Иманбаева жақсы жаңалығын жариялады
Фото: instagram.com/aigul_imanbayeva

Танымал әнші Айгүл Иманбаева жақсы жаңалығын жария етті, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Өнер иесі жолдасымен бірге Лос-Анджелес қаласында тұрып жатыр. 

«Кеш жарық, қадірлі менің оқырмандарым! 2024 жылдың 23 ақпан күні – жолдасым Ерлан екеуміздің заңды некеге отырып, шаңырақ көтерген күніміз. Биыл 1 жыл толып отыр. Құттықтап қоюларыңызға болады. Әрбір адам баласының тағдыры бір Жаратушының қолында. «Әйел қырық шырақты» деген осы шығар. Әрбір әйел бақытты болуға лайық», - деп жазды әнші. 

Айта кетейік, актриса екінші рет тұрмысқа шығып, АҚШ-қа қоныс аударған еді. 

«Күйеуім 10 жылдан бері Америкада тұрады. Қызы Лондонда оқиды. Өзім секілді ажырасқан жігіт. Тағдырымыз ұқсас болып тұр. 1977 жылы дүниеге келген. Найман руының жігіті. Бірақ менен алты ай ғана кіші. Ортақ достарымыз арқылы таныстық», – деген еді Айгүл Иманбаева.