00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Әнші Серік Ибрагимов: Баланың атын кім деп қоямыз?

16 қаңтар, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Әнші Серік Ибрагимов: Баланың атын кім деп қоямыз?

Әнші Серік Ибрагимов жақында жұбайымен бірге үшінші сәбидің жынысын білу мақсатында гендер-пати өткізген болатын. Күні кеше өнер иесі Instagram парақшасында көпшіліктен сүйінші сұрап, ұлды болғанын айтты, деп хабарлады Elorda.info.

 

Аллаға сансыз шүкір. Менің үшінші балам дүниеге келді. Баршаңызға жұғысты болсын! Қабырғам, сен батырсың! Ұлды болдым. Баланың атын кім деп қоямыз енді? Біз әлі ойланбадық, - деп жазды әнші. 

Ал желі қолданушылары әншінің отбасылық қуанышына ортақтасып, ақ тілегін жаудырды. «Бауы берік болсын», «Құттықтаймын», «Ғұмырлы болсын», - деп жазды желідегілер.