«Нағыз әке»: Әнші Райм өгей ұлын ерекше құттықтады


Әнші Райм Ерке Есмаханның бірінші некесінен туған баласын мүшел жасымен ерекше құттықтады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Алғашқы мүшел жасың құтты, берекелі, ақыл толар, қуанышқа толы болсын, балам! Өміріңе дұрыс бастау болсын, біз әрдайым сенімен біргеміз, қолдаймыз, саған сенеміз», - деп жазды Райм.
Ал, ұлы Мүслім болса «Рахмет папа» деп жауап қалдырған.
Желі қолданушылары Раймның бұл әрекетін жоғары бағалап, түрлі пікір жазды.
«Алла пешенеме Раймдай азаматты нәсіп етсін», «Әке болса, Раймдай болсын», «Еркектің бәрі сіздей мейірімді, жүрегі кең болса, бұл өмірде жетім балалар болмас еді», «Балам деген бір сөзі неге тұрады», «Міне, нағыз әке», «Туғанға емес, баққанға ұқсайды деген рас. Мүслім Раймнан аумайды», «Көзіме жас келіп тұр», «Туған әкелер сендей қамқор бола алмай жүр», - деп жазды олар.



