«Мейрамбекке ұқсайды»: әншінің кенже қызы елді сүйсінтті


Әлеуметтік желіде Сәкен Майғазиевтің үйіне кенже қыздарын алып қонаққа келген Мейрамбек Беспаев пен оның әйелінің видеосы тарады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Оқырмандардың бірқатары әншінің әйелі Динараның қарапайымдылығы мен қонақжайлығын мақтаса, енді бірқатары Мейрамбектің кенже қызына сүйсінді.
«Елуге жақындағанда көрген қызы», «Сәкен балажан екен», «Қайдағы қарттық, деп шағы, Алпысбай, Жетісбай қайда?», «Көз тимесін, Мейрамбекке ұқсайды» деп жазды оқырмандар.
«Instagram арқылы ұрсысатын болған ба?», «Бүгінгі заманның батырлары», «Осы екі сайқымазақ кімге керек? Бір елге қызметі сіңген адамдар болса екен. Сауатсыз екеуі. Ішіп-жегендеріне мәз», «Екеуі де бір-біріне сай. Сендерден гөрі қыздар мәселелерін дұрыс шешетін болар. Желіде отырып бір-біріңді өсектеп не болды, еркекше шешпейсіңдер ме? Шалбар киіп жүрсіңдер ғой», «Өтірік ойласып алған ұрыстарына сеніп отырсыңдар ма?», «Оқырман жинау немесе артынан бірдеңе сатудың жолы, ендігі Instagram-ның сценарийін білеміз ғой» деп жазыды оқырмандар.



