00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

«Келінмен жарысып...»: Өмірқұл Айниязовтың желіде жүктеген фотосы сынға қалды

15 қаңтар, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
«Келінмен жарысып...»: Өмірқұл Айниязовтың желіде жүктеген фотосы сынға қалды
фото: instagram.com/omirkul_ainiyazov

Әнші Өмірқұл Айниязов желіде отбасылық фотосессиядан жүктеген фотосы сынға қалды, деп хабарлады Elorda.info.

Бұл енді қалжың сурет. Негізі келінмен жарысып туған енеге қалай қарайсыздар? Фотоға ат қояйық, – деп жазды әнші.

Отандық әншінің желідегі оқырмандарының пікірі екіге бөлінді. Бірі қолдаса, екіншісі ұят тірлікке санап жатыр.

«Елдің сөзін қайтесің, өздерің бақытты болыңдар», «Бала мен байлықтың ерте-кеші жоқ», «Келіннің атасының көзінше ішін ұстап тұруы ұят саналған», «Келін туды деп енені шектеп тастасақ халық саны қайдан өседі. Бұл әңгімені қытай, үндістер айтса жарасады. Бізге әрбір жан маңызды», «Ешқандайда ұяттығы жоқ», «Ата мен келін арақашықтық сақталуы керек», - деп жазды олар.