Айқын әйелі Жұлдызды Эйфель мұнарасының қасында туған күнімен құттықтады
13 наурыз, 2025
Фото: Видеодан кадр: instagram.com/aikyn
Қазақстан шоу-бизнесіндегі танымал жұп Айқын Төлепберген мен Жұлдыз Өмірғали шетелге саяхатқа шықты. Әнші Жұлдыз Өмірғали Instagram желісінде Парижде түскен суреттері мен видеоларын бөлісті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Айқын Парижге сапарын жұбайы Жұлдыздың туған күніне орайластырған.
«Біз жететін жерімізге жеттік, бұл қай жер десеңіз – бұл, міне, Эйфель мұнарасы, жаным. Туған күнің құтты болсын. Қандай үлкен, алыстан қарасаң кішкентай сияқты. Бұйырса, ертең екінші қабатындағы мейрамханасына барамыз», - деп атақты мұнараны көрсетті Айқын Төлепберген.
Жұлдыз Өмірғали бұл қалаға алғаш келгенін жасырмады.
«Күнім, алтыным, бәріне рақмет», - деді Жұлдыз Айқынға.
Ұқсас жаңалықтар
12 қараша, 2025
Танымал блогер Елдос Қадырханов әке атанды
3 қараша, 2025
«Бақыт құшағында» мюзиклі Парижде үздік дебют атанды
31 қазан, 2025
Алматы полициясы Қайрат Нұртастың концертіне байланысты маңызды мәлімдеме жасады
19 қазан, 2025
«Он күн нәр татпадым»: Салтанат Бақаева пышаққа түскенін айтты