00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Тоқаев Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапармен барды

17 мамыр, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Тоқаев Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапармен барды
Фото: дереккөз

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапармен келді, деп хабарлады Elorda.info Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Сапар аясында Мемлекет басшысы ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөз жүргізеді. Кездесу барысында екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайту, сауда және экономика, инвестиция, көлік-логистика, энергетика салаларындағы ынтымақтастықты кеңейту, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық байланыстарды тереңдету мәселелері қарастырылады.


ла1.jpg
Президент 18 мамырда Қытайдың ірі компанияларының басшыларымен кездеседі және мемлекеттік сапар аясында бірқатар шара өткізеді, сондай-ақ Сиань қаласындағы құрғақ портта Қазақстанның логистика орталығының іргетасын қалау рәсіміне қатысады.

ла2.jpg

Мемлекет басшысы 19 мамырда «Орталық Азия – Қытай» саммитіне қатысады. Сонымен қатар Президент еліміздің Сиань қаласындағы Бас консулдығының салтанатты түрде ашылу рәсіміне қатысады деп жоспарланып отыр.