Ұшақ апаты: Әзербайжанның төтенше жағдайлар министрі қазақстандық құтқарушыларды марапаттады

Ұшақ апаты: Әзербайжанның төтенше жағдайлар министрі қазақстандық құтқарушыларды марапаттады
фото: ТЖМ

Құтқарушыларға марапатты Ақтау қаласында Әзербайжан Республикасының Бас консулы Айхан Сүлейманлы табыстады, деп хабарлады Elordainfo.kz Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

«Әзербайжан Республикасының төтенше жағдайлар министрі генерал-полковник Кямаледдин Гейдаровтың бұйрығына сәйкес қазақстандық құтқарушылар «Әзербайжан әуе жолдары» ұшақ апатының салдарын жойғаны және құтқару операциясына қатысқаны үшін «Ынтымақтастық үшін» төсбелгісімен марапатталды. Бұл марапат Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы төтенше жағдайлар саласындағы берік ынтымақтастықты білдіреді», - деп жазылған министрлік хабарламасында. 

Қазақстан ТЖМ-ның наградталған қызметкерлері: Сейталин Азамат Серікұлы; Аминов Тимур Владимирович, Айдаров Қани Манапұлы; Қараев Саясат Мұсаұлы; Кенжеғалиев Мәжит Серікбайұлы; Күлханов Азымбек Шындәулетұлы; Күзембаев Ербол Ахметұлы; Меңдібаев Наурызбек Ерланұлы; Нұғыманов Ардақ Қойшыбекұлы; Тілеубергенова Айман Мыңбайқызы.

Айта кетейік, Embryer 190 ұшағы 25 желтоқсан күні Ақтауда апатқа ұшыраған болатын. Апат салдарынан 38 адам қаза тауып, 29 адам жарақат алды.