Президент Жоғарғы Сот төрағасы Асламбек Мерғалиевті қабылдады
Мемлекет басшысына еліміздегі сот жүйесін жаңғырту жұмыстарының барысын таныстырды, деп хабарлады Elorda.info Ақордаға сілтеме жасап.
Жоғарғы Сот төрағасы Асламбек Мерғалиев сот пен судьялардың тәуелсіздігін қамтамасыз ету, судьялар корпусын білікті заңгерлермен нығайту, сондай-ақ сот үдерісінде азаматтар мен бизнеске берілетін кепілдікті күшейту міндеттерінің орындалуы жөнінде айтты. Сондай-ақ, сот қызметін аналитикалық тұрғыда күшейту, облыстық сот төрағаларының жауапкершілігін арттыру үшін қабылданып жатқан шаралар жөнінде мәлімет берді.
Қасым-Жомарт Тоқаев сот жүйесіндегі реформаларды сапалы жүзеге асыру және қоғамның соттарға деген сенімін арттыру, сондай-ақ азаматтардың құқығын қорғауды күшейту жұмыстарын жалғастыру маңызды екеніне назар аударды.