Мемлекет басшысы Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен кездесті
3 сәуір, 2025
фото: Akorda.kz
Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев «Орталық Азия – Еуропа Одағы» саммитіне ерекше мән беретінін жеткізіп, аталған жиын аймақ елдерінің Еуропа Одағымен диалогын ілгерілетуге ықпал ететініне сенім білдірді, деп хабарлады Elordainfo.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Президенттер Алматыдағы бейресми кездесудің нәтижелі өткеніне назар аударды. Сондай-ақ оның қазақ-өзбек қатынастарын тағы бір пысықтап, бірлескен жұмыс бағыттарын айқындауға мүмкіндік бергеніне тоқталды.
Мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Өзбекстан ынтымақтастығы қарқынды дамып келе жатқанын атап өтіп, екіжақты байланыстардың барлық бағыты бойынша өзара тиімді серіктестік аясын кеңейту ниетін растады.
Ұқсас жаңалықтар
11 қыркүйек, 2026
Қазақстан Қытайдағы халықаралық көрмеде тау-кен әлеуетін таныстырды
11 қыркүйек, 2026
Түркі елдерінің прокуратуралары цифрлық ортадағы есірткі бизнесіне қарсы күресте күш біріктірмек
11 қыркүйек, 2026
Мемлекет басшысы Ғизат Нұрдәулетовке алғыс айтты
11 қыркүйек, 2026
Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесі мен оның Аппараты туралы ережені бекітті