00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Мәслихаттағы жастардың қатары көбейді – Президент

Мәслихаттағы жастардың қатары көбейді – Президент
Фото: akorda.kz

Бұрын мәслихаттағы жас азаматтардың үлесі 2 пайызға да жетпейтін. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының ІІ республикалық форумында осылай мәлімдеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Бұрын саяси партиялар түрлі санаттағы азаматтармен жұмысқа көп көңіл бөлмейтін. Заңмен талап еткеннен кейін ғана мән бере бастады. Мысалы, партиялық тізімде жастарға арнайы квота бөлінді. Бұл шешім олардың қоғамдық-саяси үдеріске араласуына жол ашып берді. Қазір заңнамаға енгізілген өзгерістердің нәтижесінде бұл көрсеткіш еселеп артты деуге болады», - деді Президент.

Мемлекет басшысы жас депутаттардың түрлі мінберден жастарға қатысты өзекті мәселелерді батыл көтеріп жүргенін атап өтті.

Жалпы, елімізде 3 300-ден астам мәслихат депутаты бар, соның 70 пайызына жуығы республикалық форумға қатысуда.