Үкімет қарғын судан зардап шеккен азаматтарға көмек көрсетеді
6 сәуір, 2024
Елорда ақпарат
фото: ElordaInfo
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау облысының әкімі Серік Шәпкеновпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Elorda.info Ақордаға сілтеме жасап.
Президент облыстағы су тасқыны жағдайын бақылауда ұстап отыр. Су басу қаупін сейілту үшін барлық шара қабылданып жатыр және бұл жұмыстар одан әрі күшейтіледі.
Үкімет қарғын судан зардап шеккен азаматтарға көмек көрсетеді, сондай-ақ материалдық шығындар өтеледі.
Облыс әкімі Серік Шәпкеновпен сөйлесу барысында Президент ешқандай отбасы, бірде бір тұрғын мемлекеттің назарынан тыс қалмайтынын мәлімдеді және оларға өзінің жылы лебізін білдіріп, әрдайым қолдайтынын жеткізуді тапсырды.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 09:41
Премьер-министр Украина төңірегіндегі жағдайға байланысты шұғыл жиын өткізді
Бүгін, 00:40
Президент Украинадағы жағдайдың ушығуына байланысты шаралар қабылдауды тапсырды
20 қараша, 2024
Тоқаев Мажарстанның Мемлекеттік жиналыс төрағасын Қазақстанға шақырды
20 қараша, 2024
Қазақстан мен Мажарстан екіжақты берік байланыс орнатты – Тоқаев