00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

Гүлзат Ізбасарова: Елдегі әділетсіздіктер мен заңсыздықтар қоғамның дамуына кедергі келтіреді

Гүлзат Ізбасарова: Елдегі әділетсіздіктер мен заңсыздықтар қоғамның дамуына кедергі келтіреді
Фото: Гүлзат Ізбасарованың жеке архивінен

Кәсіпкер Гүлзат Ізбасарова Мемлекет басшысының «Ana tili» газетіне берген сұхбатында айтылған Әділетті Қазақстан туралы мәселеге өз пікірін білдірді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Ол әділдік, шынында да, тек теңестіру емес, сонымен қатар заңның үстемдігі мен құқықтық мемлекет принциптерін қамтамасыз етумен тікелей байланысты екенін айта келе, әділетсіздіктер мен заңсыздықтар қоғамның дамуына кедергі келтіретініне тоқталды.  

Оған бәріміз күнделікті әлеуметтік желі арқылы куә болып отырмыз. Сондықтан әділдікке жету жолында заңсыз алынған активтерді қайтару, артықшылықтарды жою секілді қадамдар қажет.

Әділетті мемлекет — бұл азаматтардың құқықтары мен бостандығын қорғау, сондай-ақ қоғамдық ресурстарды тиімді әрі әділ бөлу. Мемлекет басшысы айтып отырғандай, заң алдында теңдік принципін орындау өте маңызды. Заңдарды, ережелерді сақтау - әрбір азаматтың міндеті ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік органдардың да жауапкершілігі.

Мемлекет қазынасына түскен қаражаттарды әлеуметтік инфрақұрылымға жұмсау — бұл қоғамның дамуына және азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған дұрыс стратегия. Бұл әділдік қағидатының нақты көрінісі. Әділеттілік — бұл халықтың қалауы, ал оны жүзеге асыру — мемлекет пен қоғамның ортақ жауапкершілігі.

Сондықтан реформалардағы мақсат — әділ бәсекелестік пен тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ете отырып, Қазақстанды жаңғырту, халықтың өмір сүру деңгейін арттыру және қоғамда сенім орнату», - деген пікір білдірді Г. Ізбасарова.