Қазақстан мен Қытай әскери саладағы ынтымақтастықты талқылады

18 сәуір, 2025
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Қазақстан мен Қытай әскери саладағы ынтымақтастықты талқылады
Фото: Қорғаныс министрлігінен

ҚР Қорғаныс министрі, генерал-полковник Руслан Жақсылықов Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Хан Чуньлинмен хаттамалық кездесу өткізді. Тараптар әскери саладағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі ахуалы мен келешегін талқылады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Кездесу барысында бітімгерлік қызмет, кадрлар дайындау, жауынгерлік даярлық және әскери-техникалық ынтымақтастық мәселелері қозғалды. Қорғаныс министрі Қазақстан мен Қытай арасындағы әскери саладағы өзара іс-қимыл деңгейін атап өтіп, қарым-қатынастарды әрі қарай нығайтуға дайын екенін білдірді.

Кездесу нәтижесінде тараптар әскери қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықтың оң серпін алғанын тілге тиек етіп, конструктивизм мен өзара тиімділік қағидаттарына негізделген диалогты қолдаудың маңыздылығын атап өтті.