00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

Сұхбатта мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту туралы маңызды ойлар айтылды

Сұхбатта мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту туралы маңызды ойлар айтылды
Фото: Арсланбек Мағзұм Facebook

Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Ana tili» газетіне берген сұхбаты – Қазақстанның қазіргі даму бағытын түсіндіріп, маңызды саяси, экономикалық және әлеуметтік мәселелерге қатысты мемлекеттің көзқарасын ашық жеткізген мазмұнды диалог. Президент сұхбаты туралы Астана қаласы мәслихаты депутаты Арсланбек Мағзұм осылай деп пікір білдірді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Бұл сұхбат бірнеше маңызды ой түйіндеуге мүмкіндік береді.

Сұхбаттан алған негізгі ойлар:

1. Экономикалық реформалардың жалғасуы. Президент Қазақстанның экономикасын әртараптандыру, инфрақұрылымды жаңғырту және азаматтардың әл-ауқатын арттыру бағытында нақты реформалар жүргізіліп жатқанын атап өтті. Тұрғын үй құрылысы, ауыл инфрақұрылымы және «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы сияқты бастамалар елдің ұзақ мерзімді әлеуетін нығайтуға бағытталған.

2. Су ресурстарын басқарудағы сабақтар.

Су тасқыны секілді табиғи апаттардан алынған сабақтар мен жаңа су қоймаларының құрылысы туралы шешімдер - елдің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және тұрақты дамуға негіз болатын маңызды қадамдар.

3. Сыртқы саясаттағы бейтараптық.

Қазақстанның бейбітшілік пен диалогты насихаттайтын саясатты ұстануы – мемлекеттің геосаяси тұрақтылықтағы рөлін күшейтуге бағытталған маңызды басымдық. Тоқаевтың сыртқы саясатта елдің экономикалық және қауіпсіздік мүддесін қорғау басымдық екенін баса айтуы ерекше назар аудартады.

4. Әділетті Қазақстан идеясы.

Президенттің әділдік туралы көзқарасы ел байлығын әділ бөлісу, азаматтардың заң алдындағы теңдігін қамтамасыз ету және әлеуметтік әділеттілікті орнатуды қамтиды. Бұл бағыттағы реформалардың практикалық нәтижелері байқалып келе жатқанын айтуға болады.

5. Қазақ тілінің дамуындағы ілгерілеу.

Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту және оның ұлттық брендке айналуы туралы ойлары ерекше маңызды. Қазақ тілінің тек ішкі тұтынумен шектелмей, халықаралық деңгейде қолданылуын қамтамасыз етуге ұмтылыс сезіледі», - деп жазды А.Мағзұм.