Мұрат Нұртілеу Бәскелестікті қорғау және дамыту агенттігінің жаңа төрағасын таныстырды
15 тамыз, 2024


ашық дереккөз
Президент Әкімшілігінің басшысы агенттіктің бұрынғы төрағасы Серік Жұманғаринге табысты қызметі үшін алғыс білдіріп, оның жоғары кәсіби біліктілігін атап өтті.
Мұрат Нұртілеу ведомство ұжымына жаңа басшыны таныстыра отырып, Марат Омаровтың әртүрлі жауапты лауазымдарда мол тәжірибе жинағанын атап өтті.
Мұрат Нұртілеу қазіргі уақытта ведомство қызметінің алдында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қойған маңызды міндеттер тұрғанына баса мән берді. Атап айтқанда агенттік әділ бәсекені дамыту және қорғаудың тиімді жүйесін қалыптастыруға, экономиканы демонополизациялауға, мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке араласуын шектеу жұмысына бар күш-жігерін жұмылдыруы тиіс.
Сөз соңында Президент Әкімшілігінің басшысы агенттік ұжымына табыс тіледі.
Ұқсас жаңалықтар

22 ақпан, 2025
Президент Сауд Арабиясы Корольдігіне құттықтау жеделхаттарын жолдады

21 ақпан, 2025
Қазақстан мен Өзбекстан қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты арттырады

20 ақпан, 2025
Президент Үкіметке өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы бақылау мен қадағалау тетіктерін қатаңдатуды тапсырды

20 ақпан, 2025
2024 жылғы Қазақстанның сыртқы саясаттағы негізгі жетістіктері қандай