00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

10 мың доллардан асатын қолма-қол валютаны шетелге шығаруға тыйым салынды

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
10 мың доллардан асатын қолма-қол валютаны шетелге шығаруға тыйым салынды
ашық дереккөз

Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін қорғау және Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында қаулы ететін:

1. Қазақстан Республикасынан:

1) Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі әкету күніне белгілеген бағам  бойынша есептелген және 10 000 (он мың) АҚШ доллары баламасынан асатын сомадағы қолма-қол шетел валютасын және (немесе) шетел валютасындағы ақша құралдарын;

2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығаратын аффинирленген алтынның 5, 10, 20, 50 және 100 грамм алтын құймаларын және алтыннан жасалған ALTYN BARYS және күмістен жасалған KÚMIS BARYS инвестициялық монеталарын, сондай-ақ, 100 грамнан аса аффинирленген алтынды әкетуге тыйым салынсын.  

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен және басқа да  мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп осы Жарлықты іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.

3. Осы Жарлық ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді, - делінген қаулыда.