Кітабымның желісімен кино түсіруге тапсырма берген жоқпын, бермеймін де – Тоқаев

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Кітабымның желісімен кино түсіруге тапсырма берген жоқпын, бермеймін де – Тоқаев
ашық дереккөз

Сұхбат барысында журналист Жайна Сламбек:

Сіздің «Әке туралы ой-толғау» кітабыңыздың желісі бойынша бір продюсерлік орталық кино түсіргелі жатыр екен. Осыған қатысты не айтасыз? – деп сұрады.

Оған Президент:

Менің кітабымдағы оқиғалардың негізінде кино түсіргелі жатқанын оқыдым. Бұл туралы ешкімге ешқандай тапсырма берген жоқпын. Бермеймін де. Мұндайды қаламаймын. Бірақ, өзім жазған «Әке туралы ой-толғау» кітабынан бас тартпаймын, мазмұнды туынды деп есептеймін. Себебі, жастарға да пайдалы дүние. Бұл – менің әке-шеше алдындағы перзенттік борышым, – деп жауап берді.