Тоқаев Гвинея-Бисау Президентімен телефон арқылы сөйлесті
фото: www.akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Гвинея-Бисау Президенті Умару Сисоку Эмбаломен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Elordainfo.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әңгімелесу барысында мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Гвинея-Бисау арасындағы қарым-қатынастың даму перспективасын талқылады.
Президенттер екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға бейіл екендерін растап, өзара ықпалдастықтың басым бағыттарын қарастырды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Умару Сисоку Эмбалоны өзіне қолайлы уақытта Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды.
Сондай-ақ президенттер халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 14:01
Президент Александр Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесті
Бүгін, 13:31
Серджио Гор Қасым-Жомарт Тоқаевқа Америка Президентінің сәлемін жеткізді
Бүгін, 13:18
Мемлекет басшысы АҚШ Президентінің арнайы өкілі және Мемлекеттік хатшысының бірінші орынбасарымен кездесті
Бүгін, 09:15
Мемлекет басшысы Түркия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
