Президент ел дамуына үлес қосқан энергетиктерді марапаттады

Фото: akorda.kz
Мемлекет басшысы энергетиктерді марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлады Elordainfo.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Энергетик күні қарсаңында отандық энергетика саласындағы жемісті еңбегі, Қазақстан Республикасының инфрақұрылымдық дамуына қосқан үлесі үшін жүзден астам жұмысшы мемлекеттік наградалармен марапатталды.
Атап айтқанда, 1 азамат «Парасат» орденінің және 19 энергетик «Құрмет» орденінің кавалері атанды, 36 жұмысшы ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» орденімен наградталды, 56 маман «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері болды.
Ұқсас жаңалықтар

17 қыркүйек, 2025
Қазақстан да түркітану ғылымын дамытуға айрықша көңіл бөліп отыр - Президент

16 қыркүйек, 2025
Мемлекет басшысы Шахмат үйіне барды

16 қыркүйек, 2025
Президентке Ақмола облысында жүзеге асырылып жатқан инвестициялық және әлеуметтік жобалар жөнінде баяндалды

16 қыркүйек, 2025
Мемлекет басшысы Digital Aqmola орталығында болды