Мемлекет басшысы Әзербайжан Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Фото: Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевті Қазақстан Республикасы мен Әзербайжан Республикасы арасындағы стратегиялық әрiптестiк және одақтастық қарым-қатынас туралы шартқа қол қойылғанына 20 жыл толуымен құттықтады, деп хабарлады Elordainfo.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
«Елдеріміз арасындағы ынтымақтастықтың басты бағыттарын қамтитын бұл тарихи құжат қазақ-әзербайжан байланысын дамытудағы маңызды кезеңнің басталғанын айқындап, көптеген сала бойынша өзара ықпалдастықты нығайтуға берік негіз қалады. Бірлескен күш-жігер арқылы стратегиялық серіктестік пен одақтастықты одан әрі нығайтып, екіжақты ынтымақтастықтың орасан зор әлеуетін халықтарымыздың игілігі жолында пайдаланамыз деп сенемін», – делінген құттықтау жеделхатында.
Ұқсас жаңалықтар

17 қыркүйек, 2025
Қазақстан да түркітану ғылымын дамытуға айрықша көңіл бөліп отыр - Президент

16 қыркүйек, 2025
Мемлекет басшысы Шахмат үйіне барды

16 қыркүйек, 2025
Президентке Ақмола облысында жүзеге асырылып жатқан инвестициялық және әлеуметтік жобалар жөнінде баяндалды

16 қыркүйек, 2025
Мемлекет басшысы Digital Aqmola орталығында болды