Өзбекстанда іздеуде жүрген шетелдіктер Қазақстанда ұсталды

Фото: freepik.com
Шымкент пен Атырау әуежайларында криминалдық полиция қызметкерлері Өзбекстан аумағында қарақшылық шабуыл жасағаны үшін іздеуде жүрген үш Түркия азаматын ұстады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Олар Ташкентте бетперде тағып, бөтен біреудің көлігін басып алуға тырысқан. Алайда жәбірленушілердің қарсылығының арқасында шабуылдаушылар қылмыстық жоспарын жүзеге асыра алмаған. Осылайша олар оқиға орнынан ізін суытқан. Екеуі Атырау облысында, ал үшіншісі Қазақстанның оңтүстігінде жасырынған», - деп хабарлады ІІМ.
Жедел іс-шаралардың нәтижесінде үш күдікті де ұсталып, уақытша ұстау изоляторларына қамауға алынды.
Ұқсас жаңалықтар

18 қыркүйек, 2025
Есірткі сатумен айналысқан отбасы ірі көлемдегі марихуанамен ұсталды

18 қыркүйек, 2025
Таразда заңсыз жабдықты пайдаланған стоматология қызметін тоқтатты

18 қыркүйек, 2025
БҚО-да 10 адамды сан соқтырған күдікті ұсталды

18 қыркүйек, 2025
Қарағанды облысында пойыз жеңіл көлікке соғылып, үш адам көз жұмды