«Тәттіқұмар»: Елордада бірнеше мәрте шоколад ұрлаған азамат ұсталды
Астаналық полицейлер гипермаркеттен бірнеше рет Merci шоколадын ұрлаған адамды анықтады, деп хабарлады Elorda.info polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Бүгінгі таңда шоколадты ұрлаудың төрт дерегі белгілі болды.
Күндізгі уақытта күдікті гипермаркетте тауарлар сөресінен шамамен 35 мың теңге сомасындағы шоколадты ұрлап кеткен.
Шоколадтар салынған жұқа қорапты жасыру оңай болғандықтан, жас жігіт бір уақытта 10-нан 20-ға дейін шоколадты дүкеннен алып шыққан. Кейін тауарды кездейсоқ адамдарға төмен бағамен сатып жіберген.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында 21 жастағы жігіт мойындау көрсетпелерін берді, ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оның елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.
Полицейлер сауда нүктелерінің иелеріне қырағы болуға және дүкендерде ұрлықтан қорғау шараларын енгізуге кеңес береді.