Шерзаттың ісі: құқық қорғау органдары куәгерлер Дана Жақсыгелді мен Эльмира Нұрбекованың кінәсі бар-жоғын қосымша қарастырады


Сот барлық ұсынылған дәлелдемелерді зерттеп, сотталушылардың тағылған айып бойынша кінәлары толық дәлелденген деген тұжырымға келді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Жәбірленушілердің, куәлардың айғақтары, оқиға орнынан алынған бейнежазбалар бар, заттай дәлелдемелер алынған, қажетті сараптамалардың барлығы өткізілген.
Олардың шынайылығында күмән жоқ.
Бұл дәлелдемелер сотталушылардың әрқайсының әрекетен айқын анықтауға мүмкіндік береді.
Шынасылдың нақты Шерзат Полатқа, оның өліміне алып келген пышақ жарақатын келтіргені, медициналық-криминалистік сараптама қорытындысымен бекітілген.
Сараптама Шынасылдан алынған пышақпен (пышақ жүзінің сипаттамасымен) жарақат келтірілгенін көрсетті.
Пышақ, Шынасыл көрсеткен жерден, орман алқабынан алынған. Тергеу кезінде Шынасыл кінәсін мойындап айғақ берген.
Осы орайда, басқа сотталушылардың әрекеттері салдарынан Шерзат Полатқа жеңіл дәрежелі зиян келтірілген. Бұл да сараптама қорытындысымен расталған.
Заң бойынша адам өлтіруді адамдар тобымен жасалған деп, егер ол екі немесе одан да көп тұлғалардың бірлесіп жасаған әрекеттерімен жасалған кезде танылады.
Жоғарыда айтқанымдай, өлімнің себебі бір пышақ соққысынан болған және оны Шынасыл жасаған. Сәйкесінше, ол адам өлтіру бойынша кінәлі деп танылған.
Бұзақылық заң бойынша барынша арсыздықпен ерекшеленетiн, күш қолданумен, соның ішінде жеңіл дәрежелі денсаулыққа зиян келтірумен ұштасқан, қоғамдық тәртіпті аса қатыгездікпен бұзу болып танылады.
Сондықтан жәбірленушілердің денсаулығына, соның ішінде Полаттың, жеңіл дәрежелі зиян келтірген сотталушылардың әрекеттері бұзақылық ретінде сараланған.
Шерзат Полатқа соққылар келтірген Белғожаев пен Ильясовтың қолдарында пышақ және оқталған мылтық болғанын ескеру қажет, яғни олар жәбірленушіні сол пышақтың жүзімен ұрып және мылтықпен атуға мүмкіншіліктері болған, бірақ олар пышақтың сабымен және мылтықтың түбімен ұрған.
Жаза тағайындау кезінде сот ҚК-нің 53-бабында қаралған жеңілдететін мән-жайларды тек Азамат және Нұрбол Тоқтаубаевтарда, Калиахметте (бұл жас балаларының болуын) және Ысқақтың кәмелетке толмағанын ескерді.
Сондай ақ, барлық сотталушыларда, кәмелетке толмағаннна басқа, ауырлататын мән-жай ретінде алкогольден масаң күйде болуы танылған.
Сонымен қатар сот сотталушылардың жеке басын, олардың бір бөлігінің бұрын сотты болғандарын ескерді.
Атап айтқанда, Азамат Тоқтаубаев пен Нұрқияс Ильясовке бұрынғы соттылықтарының өтелмеген жазаларын ескеріп, 15 және 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Бұл мерзімдер, жоғарғы шегіне жақын.
Бұзақылық бойынша басқа кінәлілерге заңмен белгіленген жоғарғы мерзімдер -7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Келтірілген моральдық зиянды өтеу үшін жақын туыстарының көзінше аса ауыр қылмыс жасағаны ескеріліп, Шынасылдан 60 миллион теңге, Сакиевтен 30 миллион теңге өндірілді.
Басқа сотталғандар мен Сакиевтен бұзақылық жасағаны үшін бірлесіп, 30 миллион теңге өндірілді.
Жәбірленушілер кәмелетке толмаған Ы-ға қатысты азаматтық талаппен арызданбаған.
Бұдан бөлек, сотпен куәлар Д.А.Жақсыгелді, Э.К.Нурбекова, А.М.Казакенов, Ю.Д.Рузбакиевтің әрекеттерінде болуы мүмкін қылмыс құрамына прокурордың назарын аудару туралы жекеше қаулы шығарылды.
Олардың кінәсінің дәрежесін құқық қорғау органдар анықтау қажет.
Аталған сот талқылауы БАҚ өкілдерінің қатысуымен толық ашық және мөлдір өткенін атап кету қажет. Барлық со отырыстары жұртшылық тарапынан жоғары назар аудару жағдайында тікелей эфирде көрсетілді.
Бұған қарамастан сот тек қана заң нормаларына және әділдік принципін басшылыққа ала отырып, бейтараптылықты ұстанды.
Соттың тәуелсіздігі және құқық үстемдігі - сот төрелігінің негізі және ешқандайда бір сыртқы мән-жайлар бұл ұстанымнан тайдыра алмайды.
Соттың шешімі істі жан-жақты, толық және объективті қарауға негізделген әрі заңдылықтың және әділеттіліктің талаптарына жауап береді.
Жасаған қылмыс үшін кінәлі жазадан бұлтармайды, өйткені заң мен тәртіп тек ғана осындай жолмен қамтамасыз етіледі.



