00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

ШҚО салымшылары 2 млрд теңге салып, баспанасыз қалды

ШҚО салымшылары 2 млрд теңге салып, баспанасыз қалды
фото: видеодан алынған кадр

ҚМА Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті құрылыс компаниясының топ менеджерлерінің заңсыз әрекетін тоқтатты, деп хабарлады Elordainfo.kz агенттікке сілтеме жасап.

Агенттік мәліметінше, олар көппәтерлі тұрғын үй кешенін саламыз деген желеумен 1,8 млрд теңге қаражат жымқырған.

«Өскемен қаласында екі күдікті 102 азаматты алдап, құрылысқа үлескер ретінде қатысуға жалған келісімшарттар жасағандары анықталды.Іс жүзінде тұрғын үй нысанының құрылысы созбалаңға түскен. Мерзімдері бірнеше мәрте ұзартылғанымен, көппәтерлі үй кешенінің құрылысы аяқталмаған», - деп жазылған хабарламада.

Компаниялар заң талаптарын бұзғанын және үлескерлердің қаражатын тартуға рұқсат құжаттары болмағандығын атап өткен жөн.

Бүгінгі таңда күдіктілер соттың санкциясымен ұсталып, тергеу изоляторына қамауға алынды.

Тергеу амалдарын жүргізу барысында күдіктілердің 2,3 млрд теңге мүлкіне тыйым салынды. Зардап шеккен азаматтарға қаражаттарын қайтару жұмысы жүргізілуде.