00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

Полицейлер 10 млн теңгенің вейпін сатпақ болған күдіктілерді ұстады

19 қараша, 2024
Олжас Сүлейменов Олжас Сүлейменов
Полицейлер 10 млн теңгенің вейпін сатпақ болған күдіктілерді ұстады
Фото: Оңалхан Өнерхан

Риддерде жедел уәкілдер 900-ден астам электронды өнімді сатпақ болған күдіктілерді ұстады, деп хабарлады Elordainfo.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

21 жастағы күдіктіні полиция қызметкерлері тыйым салынған тауарды жергілікті тұрғынға сату кезінде ұстаған. Риддер тұрғыны қойма ретінде пайдаланған ғимараттан шамамен 10 миллион теңге тұратын 916 электронды темекі тәркіленді.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті тауарды мессенджер арқылы сатып алып, кейіннен өзі сатуды көздеген.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, бұл құқық бұзушылық үшін күдіктіге 200 АЕК-ке дейін айыппұл, дәл сол мөлшерде түзеу жұмыстары мен 200 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстар немесе 50 тәулікке дейін қамау жазасы тағайындалуы мүмкін.

Айта кетейік, биылғы 20 маусымнан бастап заң күшіне енгеннен кейін Шығыс Қазақстан облысының полицейлері 2 200-ден астам вейп, 540-тан астам хош иістендіргіш пен сұйықтық, 54 темекі өнімі, 240 картридж және 56 буландырғыш тәркіледі.

Заң күшіне енгеннен бастап 11 қылмыстық іс тіркеліп, 4 іс бойынша айыптау үкімі шықты. Кінәлілерге жалпы сомасы 150 АЕК көлемінде айыппұл салынды.