Павлодарда 74 жастағы әжей мас күйде көлік жүргізген

Фото: freepik
Павлодар қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқарған егде әйелге қатысты істі қарады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Анықталғандай, өткен жылдың желтоқсан айында 1951 жылы туған азаматша «Тойота» көлігін мас күйінде басқарған. Сот отырысында зейнеткер өзінің құқық бұзғанын мойындаған.
Аталған деректің мән-жайы әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, медициналық сараптама актісімен және бейнежазбамен расталған.
Сот азаматша И-ді ӘҚБтК-нің 608-б. 1-б. бойынша кінәлі деп танып, оған 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру түріндегі жазаны тағайындады.
Қаулы заңды күшіне енді.
Ұқсас жаңалықтар

18 қыркүйек, 2025
Есірткі сатумен айналысқан отбасы ірі көлемдегі марихуанамен ұсталды

18 қыркүйек, 2025
Таразда заңсыз жабдықты пайдаланған стоматология қызметін тоқтатты

18 қыркүйек, 2025
БҚО-да 10 адамды сан соқтырған күдікті ұсталды

18 қыркүйек, 2025
Қарағанды облысында пойыз жеңіл көлікке соғылып, үш адам көз жұмды