Қостанайда жол апатын жасап, оқиға орнынан қашпақ болған мас жүргізуші ұсталды
Фото: freepik.com
26 шілдеге қараған түні TANK 300 көлігін мас күйде басқарған 57 жастағы ер адам жол ережесін өрескел бұзып, жол апатына себеп болды, деп хабарлады Elordainfo.kz Polisia-ға сілтеме жасап.
Ол бағдаршамның тыйым салынған белгісіне тоқтамай, алдымен қоршауға, кейін ВАЗ-2115 көлігіне соғылған. Материалдық шығын келтіріліп, жүргізуші оқиға орнынан жасырынбақ болған.
Полиция тексеру кезінде оның орташа дәрежеде мас болғанын анықтады. Куәгерлер көліктің жолда теңселіп жүргенін айтып, болған жайтты GTA ойынымен салыстырған.
Ер адамға ӘҚБтК-нің төрт бабы бойынша хаттама толтырылды. Көлік айып тұрағына қойылып, жүргізуші айықтырғышқа жеткізілді. Іс сотқа жолданды, - делінген хабарламада.
Полиция азаматтарды жол ережесін қатаң сақтауға шақырады.
Ұқсас жаңалықтар
2 қараша, 2025
Жасырын зертханада БҚО тұрғыны құрамында есірткі бар өсімдік өсіргені анықталды
2 қараша, 2025
Құтқарушылар бүгін түнде өрт қаупіне байланысты екі қалада 52 адамды эвакуациялады
1 қараша, 2025
БҚО тұрғыны 10 қап өзен шаянымен ұсталды
1 қараша, 2025
Алматыда 6 көлік соқтығысып, 5 адам зардап шекті
