00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қостанай облысында жүк көлігінен астық төгілді

Қостанай облысында жүк көлігінен астық төгілді
instagram.com/polisia_kostanay

Қостанай облысында КамАЗ жүк көлігінің тіркемесінен жолға шашылған астық салдарынан жол апаты болды. Полиция апатты жағдай жасағаны үшін КамАЗ жүргізушісін жауапқа тартты, деп хабарлады Elordainfo.kz полицияға сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, 23 қыркүйекте түстен кейін Қостанайда астық тиелген тіркемесі бар 40 жастағы КамАЗ жүргізушісі Гашек көшесімен жүріп келе жатып, астықтың жолға шашылуына жол берген.

Жедел басқару орталығының бейнебақылау камерасы түсірген оқиғаның кадрлары бұрылған кезде негізгі жүк көлігі тұрақтылығын жоғалтып, астықтың жол бойымен төгіліп жатқанын көруге болады.

«Бұның салдарынан КамАЗ-ға қарсы бағытта келе жатқан «Ауди» мен «Фольксваген» көліктері соқтығысып қалды. Ешкім зардап шеккен жоқ. Оқиға орнына дереу патрульдік полиция қызметкерлері келді», - делінген хабарламада.

Авариялық жағдай туғызған және жолды ластаған жүргізушіге шамамен 45 мың теңге айыппұл салынды. Ауди және Volkswagen жүргізушілері жол-көлік оқиғасын өзара келісіммен шешті.

Полиция жүргізушілерді мұқият болуға және жол ережелерін сақтауға шақырды.