Қосшыда қарызынан құтылмақ болған әйел енесінің алтын жүзігін ұрлаған
Фото: freepik.com
Қосшы қаласының тұрғыны өз енесінің алтын жүзігін ломбардқа өткізіп, құрбысының алдында ақшалай қарызынан құтылған, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Кейіннен бұл оқиғаны ол енесінен жасыру үшін үйіндегі заттарды шашып, жалған ұрлық ұйымдастырып, полицияға хабарлаған.
Қосшы қаласы прокуратурасының үйлестіруімен полиция бөлімі тергеушісінің кәсібилігінің және істі егжей-тегжейлі тергеп-тексеруінің нәтижесінде оқиғаның шынайы мән-жайы анықталды.
Нәтижесінде азаматша «Н» қылмыс жасалғаны туралы көрiнеу жалған сөз жеткiзгені үшін Қылмыстық кодекстің 419-бабының 2-бөлігімен қылмыстық жауапкершілікке тартылды.
Бұндай қылмыс үшін бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғаны туралы прокуратура ескертеді.
Ұқсас жаңалықтар
2 қараша, 2025
Жасырын зертханада БҚО тұрғыны құрамында есірткі бар өсімдік өсіргені анықталды
2 қараша, 2025
Құтқарушылар бүгін түнде өрт қаупіне байланысты екі қалада 52 адамды эвакуациялады
1 қараша, 2025
БҚО тұрғыны 10 қап өзен шаянымен ұсталды
1 қараша, 2025
Алматыда 6 көлік соқтығысып, 5 адам зардап шекті
