Қосшы қаласында 20 адам эвакуацияланды
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігінен
Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Ақмола облысы кезекшісіне Қосшы қаласында көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде 3-қабатта орналасқан пәтердің терезесінен түтін шыққаны туралы хабарлама келіп түсті.
Өрт сөндірушілер келгеннен кейін түтін тағамның күйіп кетуінен болғаны анықталды, - делінген хабарламада.
Өрт сөндірушілердің жедел әрекеттерінің арқасында жану жедел түрде жойылды. ТЖД күшімен көрші пәтерлерден 20 тұрғын эвакуацияланды. Зардап шеккендер жоқ.
Ұқсас жаңалықтар
24 қазан, 2025
Марқұм Шерзат Болаттың отбасы жаңа баспанаға ие болды
24 қазан, 2025
Абай облысында тұрғын балық аулау ережесін бұзған
24 қазан, 2025
Сумен қамтамасыз етуге арналған субсидияларды бөлу кезінде заңбұзушылықтар анықталды
24 қазан, 2025
Талдықорғанда 17 жыл халықаралық іздеуде болған ер адам ұсталды
