00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Мас күйде танысына пышақ жарақатын салған әйел жауапқа тартылды

Мас күйде танысына пышақ жарақатын салған әйел жауапқа тартылды
Фото-коллаж: Elordainfo.kz

Ақмола облысында мас күйде танысына пышақ жарақатын салған әйел жауапқа тартылды, деп хабарлады Elordainfo.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ақмола облысының алкогольдік ішімдік ішкеннен кейін туындаған жанжал кезінде ер адамға пышақ салғаны анықталды.

19 тамызда Есіл ауданының полиция бөліміне кеуде қуысының жаралануы диагнозы қойылған ер адамға шұғыл медициналық көмек көрсетілгені туралы ақпарат келіп түсті. Аталған дене жарақатын келтірді деген күдікпен полицейлер жәбірленушінің бірге тұратын әйелін анықтап, ұстады. Азаматтық ерлі-зайыптылардың екеуі де алкогольдік ішімдіктерді теріс пайдаланатын адамдар ретінде наркологиялық диспансерде есепте тұратыны белгілі.

Осы факті бойынша полиция бөлімі Қазақстан Республикасы ҚК-нің 106-бабының 1-бөлігі “Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру”бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.  Осы баптың санкциясы 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі ең жоғары жазаны көздейді.