Әлеуметтік осал жандардың атына несие ресімдеу туралы жанжалды іс: банктер мәлімдеме жасады

Бүгін, 12:24
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
views40
Әлеуметтік осал жандардың атына несие ресімдеу туралы жанжалды іс: банктер мәлімдеме жасады
Фото: istockphoto.com

Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы Ақмола облысы прокуратурасының ақпараты бойынша қазақстандық төрт банктің бірлескен мәлімдемесін жариялады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Еске салайық, 2 қыркүйекте Ақмола облысының прокуратурасы әлеуметтік осал азаматтарды ұрлаумен және олардың атына ірі несиелер рәсімдеумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топ бойынша тергеуді аяқтағанын хабарлады. Тергеу мәліметтері бойынша, ұйымдасқан қылмыстық топқа елдің әртүрлі аймақтарынан 25 адам кірді, олардың арасында банк қызметкерлері де бар.

Бұған жауап ретінде банктер прокуратура органдарынан олардың бұрынғы немесе қазіргі қызметкерлерінің тергеуге қатысы бары туралы ресми хабарлама алмағанын айтты. 

«Қазіргі уақытта банктер прокуратура органдарына іс бойынша ақпарат беру туралы сұрау салып жүгінуге ниетті. Банктерге бұрынғы немесе қазіргі қызметкерлердің осы қылмыстық істің мән-жайларына қатысы бар екендігі белгісіз. Жарияланған ақпаратты растайтын ресми құжаттарды алғаннан кейін барлық банктер құқық қорғау органдарына тұтынушылардың құқықтары мен мүдделерінің кез келген бұзылуын тергеуге барынша жәрдем көрсетуге дайын», делінген хабарламада.

Сондай-ақ банктер өздерінің іскерлік беделін бағалайтынын және өз қызметтерін ашық және заңдарға толық сәйкес жүзеге асыратынын айтты. Банктер прокуратура органдарын «қаржы институттарының іскерлік беделіне қауіп төндіруі мүмкін сезімтал тақырыптар бойынша» жария мәлімдемелерге салмақты түрде қарауға шақырды.