«Өкпе тесіліп, көп қан кеткен»: Тахир Халимназаров Шерзат мәйітіне қосымша сараптама жасады

Бүгін, 16:42
Айман Нығмет Айман Нығмет
«Өкпе тесіліп, көп қан кеткен»: Тахир Халимназаров Шерзат мәйітіне қосымша сараптама жасады
фото: видеодан алынған кадр

Бүгін Шерзат Полаттың өліміне қатысты айыптау жөніндегі іс бойынша кезекті сот отырысында сот-медициналық сараптамасының қорытындысы зерттеліп жатыр, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Сотқа тәуелсіз сот-медицина сараптамашысы Тахир Халимназаров шақырылды.  Ол мәйітке қосымша сараптама жасаған.

«Өлім себебі жүргізілген сараптама арқылы нақты анықталған. Сол жақ кеуде қуысының кесілген жарақат салдарынан өкпе тесіліп,  көп мөлшерде қан кеткен, ол өлім себебі болып тұр. Өзге мәйіт денесіндегі қанталау мен сызаттар сараптама әдістері бойынша сыртқы жарақат. Олар денсаулыққа зиян келтірілген деп анықталмайды. Сол үшін олар тек жарақат деп есептеледі және жай ғана ауырсыну тудырады»,- деді Тахир Халимназаров.

Тәуелсіз сараптамашы мәйітті зерттеген кезде кеуде қуысында 1500 мл қан болғанын айтты. 

«Адам қан тез жоғалтқан кезде, яғни 500-600 мл кейін адамның жағдайы ауырлай бастайды. 1 литр қан тез кетіп қалса, ол кезде адам есінен танып, денсаулығына қауіп төнеді. 1 литр қан кеткенге дейін көмек көрсетілген кезде оның өмірін сақтау қалуға мүмкіндік болатын еді»,- деді Тахир Халимназаров.