«Күліп отыр»: марқұм Нұрқанат беттестіру кезінде Қалиахметпен сөзге келіп қалған

Бүгін, 15:09
Айман Нығмет Айман Нығмет
«Күліп отыр»: марқұм Нұрқанат беттестіру кезінде Қалиахметпен сөзге келіп қалған
фото: t.me/Jogargy_sot

Бүгін Шерзат Полаттың өліміне қатысты айыптау ісі бойынша кезекті сот отырысында іс материалдары қаралып жатыр, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Сот барысында марқұм Нұрқанат Ғайыпбаев пен айыпталушы Дидар Қалиахметтің беттестіру кезінде түсірілген бейнежазба көрсетілді.

Бейнежазбада Нұрқанат Ғайыпбаев оқиға күні туралы баяндайды. Ол өз сөзінде, басында айыпталушы Нұрбол Тоқтаубаевтан кешірім сұрап, 16 жастағы балаға тиіспеуді өтінгенін айтқан. 

Осы кезде Нұрқанаттың қорғаушысы Дидар Қалиахметтің күліп отырғанына ескерту жасайды. 

Ал айыпталушының адвокаты бұл әрекетке «күле ме, жылай ма өзі біледі» деп жауап берген.

«Менің бауырым өліп отыр, күліп отыруы керек пе?», - дейді Нұрқанат Ғайыпбаев.

Айыпталушы Дидар Қалиахмет оған «сен өтірік айтып отырсың» деп жауап қайтарады.

Екі жақтың адвокаттары оларды сабырға шақырды.