Елордалық өрт сөндірушілер жарылыстың алдын алды
Фото: ТЖМ
Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Түнде Астана қаласы Сарыарқа ауданындағы Көктал көшесінде орналасқан автокөлік шиналарын жою цехында резеңке бұйымдар, жабдықтар және шатырдың ағаш құралдары жанды орын алды.
«Жалынға оранған ғимараттан өрт сөндірушілер 2 газ және 2 оттегі баллондарын шығарып жарылыстардың алдын алды.
Өрт 500 шаршы метр аумақта жойылды», - делінген хабарламада.
Өрттен зардап шеккендер жоқ.
Айта кетейік, бұдан бұрын ТЖМ мамандары көлікті өрттен қорғау үшін не істеу керектігін айтқан болатын.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 10:01
Астаналық құтқарушылар өрттен үш газ баллонын алып шықты (ВИДЕО)
24 қазан, 2025
Марқұм Шерзат Болаттың отбасы жаңа баспанаға ие болды
24 қазан, 2025
Абай облысында тұрғын балық аулау ережесін бұзған
24 қазан, 2025
Сумен қамтамасыз етуге арналған субсидияларды бөлу кезінде заңбұзушылықтар анықталды
