Елордада жол апатынан бір адам қаза тапты

фото: instagram/astana sergek
Астанада жол апаты болған жерден түсірілген видео әлеуметтік желідегі astana__sergek парақшасында жарияланды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Елордалық Полиция департаментінің мәліметінше, Toyota көлігінің жүргізушісі Қошқарбаев көшесінен Сарайшық көшесіне қарай келе жатып, рульді басқара алмай, жоғары жылдамдықпен көпірдің қоршауына соғылған.
«Жол-көлік оқиғасы салдарынан көліктің жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Ал жүргізуші түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Тергеу жүргізілуде», - деп жазылған полиция хабарламасында.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 12:38
Астанада ұлттық және діни алауыздықты қоздырған 11 азамат сотталды

Бүгін, 12:01
Қызылордада аса ірі көлемде алаяқтық жасағандар сотталды

Бүгін, 11:23
Полицейлер интернет-алаяқтыққа қатысы бар күдіктілерді ұстады

Бүгін, 10:31
Көлік полицейлері тәртіп бұзған екі жолаушыны әуе рейсінен түсірді