Елордада автобус жаяу жүргіншіні қағып кетті

Фото-коллаж: Elordainfo.kz
Астанада Тұран мен Сығанақ қиылысында автобус жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға салдарынан әйел сол жерде қайтыс болды.
«Автобус жүргізушісі Сығанақ көшесімен жүріп, Тұран даңғылына оңға бұрылу кезінде жолды реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелімен кесіп өткен жаяу жүргіншіні соққан. Әйел алған жарақаттарынан сол жерде қайтыс болды», - деп жазылған полиция хабарламасында.
Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қажетті сараптамалар тағайындалды.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 17:03
Есірткі сатумен айналысқан отбасы ірі көлемдегі марихуанамен ұсталды

Бүгін, 16:46
Таразда заңсыз жабдықты пайдаланған стоматология қызметін тоқтатты

Бүгін, 14:01
БҚО-да 10 адамды сан соқтырған күдікті ұсталды

Бүгін, 09:35
Қарағанды облысында пойыз жеңіл көлікке соғылып, үш адам көз жұмды