«Екі баласы бар»: сотта адвокат Дидар Қалиахметтің жазасын жеңілдетуді сұрады

2 маусым, 2025
Айман Нығмет Айман Нығмет
«Екі баласы бар»: сотта адвокат Дидар Қалиахметтің жазасын жеңілдетуді сұрады
фото: видеодан алынған кадр

Бүгін Шерзат Полаттың өліміне айыптау жөніндегі іс бойынша жарыссөз өтіп жатыр, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Сот отырысында айыпталушы  Дидар Қалиахметтің адвокаты Гаухар Баймұханова қорғауындағы азаматтың  кінәсі толығымен дәлелденбегенін айтты. 

«Дидар Қалихамет іс-әрекеті толығымен өз дәлелін тапқан жоқ. Яғни, қай кезде, уақыты, орны, қай уақытта басқа айыпталушылармен келіскені туралы жарыссөзде айтылған жоқ. Үкім шығару барысында менің қорғауымдағы Дидар Қалихамет қылмыстық жауапкершілікке тартылмағанын, оның қол астында екі кәмелеттік жасқа толмаған балалары барын ескеруіңізді сұраймын. Олар қазіргі таңда әкесінің қолдауына мұқтаж»,- деді ол жарыссөзде.

Оқи отырыңыздар: Шерзат соты: прокурор іс бойынша басты айыпталушыға 23 жыл жаза тағайындауды сұрады

Айта кетейік, мемлекеттік айыптаушы Дархан Қалиахметке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 2-бөлігі (Бұзақылық) бойынша кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасын сұраған еді.