«Толық көз жетті»: Жарыссөзде Шерзатты нақты кім пышақтағаны айтылды


Бүгін Шерзат Полаттың өліміне айыптау жөніндегі іс бойынша жарыссөз өтіп жатыр, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Сот отырысында мемлекеттік айыптаушы Дана Сәрсенбай басты айыпталушы Абзал Шынасылдың әрекеті Шерзат Полаттың өліміне тікелей байланысты болғанын айтты.
«Сот-медициналық сараптаманың қорытындысына сай, Шерзаттың өлімі пышақпен сол жақ өкпесін зақымдаған жарақаттан, яғни осы жарақаттың салдарынан, көп қан жоғалтудан болған. Сотта Шерзаттың кеудесіне пышақпен соққы жасаған Абзал Шынасыл екеніне толықтай дәлелдемелер көрсетілді. Яғни, Абзал Шынасылмен Шерзатқа пышақпен келтірілген бір жарақат өлімімен тікелей себептік байланысты болған. Оны сотқа келіп, жауап берген екі сарапшы да көрсетті. Оның біреуінің тәжірибесі-тәуелсіз»,- деді мемлекеттік айыптаушы.
Прокурор тергеу мен сот кезінде айыпталушы Абзал Шынасылдың өз жауаптарын өзгерткеніне де назар аударды.
«Сотталушының кінәсін мойындамай, жауаптарын өткізуге сын көзбен қарауды сұраймын. Сотта Абзал Шынасылдың пышақ соққысы Шерзат өліміне себепші болғанына толық көз жетті», - деді ол.
Әрі қарай прокурор өзге айыпталушылардың оқиға күнгі іс- әрекеттерін айтып берді.



