Шерзат соты: прокурор іс бойынша басты айыпталушыға 23 жыл жаза тағайындауды сұрады

2 маусым, 2025
Айман Нығмет Айман Нығмет
Шерзат соты: прокурор іс бойынша басты айыпталушыға 23 жыл жаза тағайындауды сұрады
фото: видеодан алынған кадр

Бүгін Шерзат Полаттың өліміне айыптау жөніндегі іс бойынша жарыссөз өтіп жатыр, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Сот отырысында прокурор Дана Сәрсенбай айыпталушыларға 1,5 жылдан 23 жылға дейін жаза тағайындауды сұрады. 

Оқи отырыңыздар: «Толық көз жетті»: Жарыссөзде Шерзатты нақты кім пышақтағаны айтылды

Атап айтқанда, айыпталушы Абзал Шынасылға 23 жыл, ал Равиль Сәкиевке 20 жыл, Дархан Әскентай, Нұрбол Тоқтаубаев, Шыңғыс Белғожаев, Дидар Қалиахметке 7 жыл, Нұрқияс Ілиясовқа өтелмеген жазаны ішінара қосу арқылы түпкілікті 9 жыл, Азамат Тоқтаубаевқа өтелмеген жазаны ішінара қосу арқылы түпкілікті 15 жыл, Думан Ысқаққа 1 жыл 6 ай жаза сұрады.

«Жәбірленушілердің материалдық және моральдық шығының өндіру жөніндегі талап-араздарын толық көлемде қанағаттандыруды сұраймыз. Іс бойынша сұралған куәлар Эльмира Нұрбекова мен Дана Жақсыкелдінің әрекеттерін тексеру және оларға құқықтық баға беру үшін жеке қаулы шығаруды оны Алматы облысы полиция департаментіне жолдауды сұраймыз»,- деді прокурор.