«Дикий Арман» – Арман Жұмагелдиев абақтыда тамырын кеспек болған

1 ақпан, 2025
Ғани Атымтай Ғани Атымтай
«Дикий Арман» – Арман Жұмагелдиев абақтыда тамырын кеспек болған
Фото: видеодан скриншот

ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Қаңтар оқиғасы ісі бойынша 20 жылға сотталған «Дикий Арман» – Арман Жұмагелдиевтің өзіне қол салмақ болғаны жайлы ақпаратқа пікір білдірді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Түрмедегі бұл оқыс жағдай алдымен әлеуметтік желіде тарады. Ведомство дерегінше, сотталушы өзіне жеңіл жарақаттар келтірген. 

«Медициналық көмек бірден көрсетілді. Жағдайы қанағаттанарлықтай. Сотталушы ерекше бақылауға алынды, онымен мекеменің психологтары жұмыс істеп жатыр», – делінген хабарламада.

Қазір бұл дерек бойынша қылмыстық тексеріс басталған.

Еске салайық, 27 қаңтарда Қаңтар оқиғалары бойынша Арман Жұмагелдиевке үкім шыққан еді. Оған қылмыстық топ құрды және басқарды, жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды, адам ұрлау және заңсыз бас бостандығынан айырды деген айыптар тағылып, 20 жылға сотталды