«Бізді бандит деп жатыр»: айыпталушы Абзал Шынасыл «хутор тобы» туралы айтты

фото: видеодан алынған кадр
Бүгін Шерзат Полаттың өліміне қатысты айыптау жөніндегі іс бойынша кезекті сот отырысында айыпталушы Абзал Шынасыл жауап берді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Айыпталушыға адвокат тарапынан «Хуторлық» қылмыстық тобына сіздің қатысыңыз бар ма?» деген сұрақ қойылды.
«Жоқ. БАҚ-та бізді «хуторский», «бандит» деп жауыз қылдырып жіберді. Біздің оған қатысымыз жоқ. Бәріміз ауылдың қарапайым баласымыз. Хутор деген ауылдың бұрынғы аты, қазір Тұрар Рысқұлов ауылы»,- деп жауап берді ол.
Сот отырысында Шерзаттың өліміне басты айыпталушы Шынасыл Абзал түрін көрсетуге қарсы болмады.
Ұқсас жаңалықтар

18 қыркүйек, 2025
Есірткі сатумен айналысқан отбасы ірі көлемдегі марихуанамен ұсталды

18 қыркүйек, 2025
Таразда заңсыз жабдықты пайдаланған стоматология қызметін тоқтатты

18 қыркүйек, 2025
БҚО-да 10 адамды сан соқтырған күдікті ұсталды

18 қыркүйек, 2025
Қарағанды облысында пойыз жеңіл көлікке соғылып, үш адам көз жұмды